• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Еңбек Бүгін, 10:59

Грузияда Қазақстан азаматтарына қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?

0 рет
көрсетілді

2026 жылғы 1 наурыздан бастап Грузия шетел азаматтарының еңбек және кәсіпкерлік қызметіне қатысты жаңа шектеулер енгізеді. Тиісті шешімді ел үкіметі арнайы қаулымен бекіткен. Өзгерістер көбіне мигранттар, соның ішінде Қазақстан азаматтары жиі жұмыс істейтін салаларға әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қай салаларда жұмыс істеуге толық тыйым салынады?

Жаңа ережелерге сәйкес, шетелдіктерге курьерлік жеткізу қызметтері, жолаушылар тасымалы, такси қызметі, туристік гид қызметі бағыттарында жұмыс істеуге тыйым салынады.

Бұл шектеу тек жалдамалы жұмысқа ғана емес, жеке кәсіпкерлікке де қатысты. Яғни шетел азаматтары аталған салаларда бизнес тіркей алмайды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде де қызмет ете алмайды.

Осылайша, мигранттар арасында такси, жеткізу қызметі және туризм саласы шетелдіктер үшін жабылады.

Қырғызстан мигранттардың құқығын бұзғаны үшін Ресейді сотқа берді

Гид-нұсқаушыларға квота беріледі

Таулы аймақтардағы гидтер мен шаңғы нұсқаушыларына қатысты толық тыйым салынбайды, бірақ қатаң квота енгізіледі.

2026 жылы бұл салада бар болғаны 200 шетелдік маман жұмыс істей алады. Нәтижесінде рұқсат алу үшін жоғары бәсекелестік болады, расталған біліктілігі бар мамандарға басымдық берілуі мүмкін және маусымдық жұмыс мүмкіндіктері айтарлықтай қысқарады.

Грузияның туристік өңірлерінде жұмыс істейтін отандастарымыз үшін бұл елеулі шектеу болуы ықтимал.

Енді Ресейде жұмыс істеу қиындайды: Отандастарымыз үшін жаңа талаптар күшіне енбек

Шетелдіктерді жұмысқа алу тәртібі күрделенеді

Үкімет жалпы еңбек көші-қонына бақылауды күшейтеді.

Енді шетел азаматын жұмысқа алғысы келетін жұмыс беруші өтініш берерден кемінде 10 жұмыс күніне дейін бос жұмыс орнын ресми worknet.moh.gov.ge порталында жариялауы тиіс. Бұл орынның шетелдік еңбек мигрантына арналғанын көрсетуі қажет.

Іс жүзінде бұл ішкі еңбек нарығын алдын ала тексеру тетігі болмақ. Яғни басымдық жергілікті азаматтарға беріледі.

Қазақстан азаматтары үшін жұмысқа орналасу мерзімі ұзарады, құжаттарды алдын ала мұқият дайындау қажеттілігі туындайды, еңбек рұқсатын алу бойынша бас тартулар саны артуы мүмкін.

Міндетті еңбек рұқсаты енгізіледі

1 наурыздан бастап барлық шетел азаматтары үшін арнайы еңбек етуге рұқсат алу міндетті болады.

Бұл рұқсат жұмыс негізінде тұруға ықтиярхат алудың басты шартына айналады.

Соның нәтижесінде ресми рұқсатсыз жұмыс істеу мүмкін болмайды, көші-қон бақылауы күшейеді, рәсімдеу барысында жұмыс берушінің жауапкершілігі артады.

Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Ұзақ мерзімге Грузияда жұмыс істеуді жоспарлаған Қазақстан азаматтары жаңа талаптарды толық сақтауы тиіс.

Грузия отандастарымыз үшін IT-мамандардың релокациясы, шағын бизнес ашу, маусымдық жұмыс, туризм саласы бойынша танымал елдердің бірі еді. Әсіресе такси, жеткізу және гид қызметі сұранысқа ие болатын. Енді бұл салаларда шектеу енгізіліп отыр.

Грузия билігінің бұл шешімі ішкі еңбек нарығын қорғауға және жергілікті азаматтарға басымдық беруге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар