Президенттің жер қойнауын зерделеу және еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен 2026 жылы кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қаражат 1:50 000 масштабындағы екінші буынды (ГС2-50) 20 геологиялық түсірілім жобасын жүзеге асыруды бастауға бағытталады. Жұмыстар шамамен 100 мың шаршы шақырымды қамтиды, бір учаскенің орташа ауданы – шамамен 5 мың шаршы шақырым. ГС2-50 бағдарламасы заманауи геофизикалық, қашықтықтан және геохимиялық зерттеу әдістерін, сондай-ақ деректерді терең цифрлық өңдеуді қолдануды қарастырады. Бұл өзекті геологиялық карталарды қалыптастыруға және перспективалы учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Биыл аэрогеофизикалық және далалық жұмыстар, соның ішінде геохимия, бұрғылау және арықтар қазу жоспарланған. Дала жұмыстары маусымының қорытындысы бойынша сынамаларға алдын ала зертханалық талдау жүргізіледі.
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Болжамды ресурстарды нақтылай отырып, анықталған және бұрын белгілі кен аймақтары мен перспективалы алаңдарды мамандандырылған зерттеуге, сондай-ақ болжамды ресурстарды есептей отырып, кен алқаптарын бағалауға ерекше назар аударылады. Алынған нәтижелер егжей-тегжейлі іздеу және барлау жұмыстарын жүргізуге негіз болады. Геологиялық түсірілім Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстарының аумақтарын қамтиды.
Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің маңызды бағыты
Сондай-ақ Шу-Сарысу және Солтүстік Торғай аумақтарында зерттелмеген мұнай-газ перспективалы шөгінді бассейндердің 2D сейсмикалық барлау жұмыстарының 6 жобасын жүзеге асыру көзделген. Қазіргі уақытта олардың геологиялық зерттеу деңгейі көмірсутектердің мұнай-газдың жеткілікті мөлшері мен ресурстық әлеуетін сенімді бағалауды қамтамасыз етпейді. Сейсмикалық барлауды жүргізу мұнай мен газ кен орындарын локализациялау үшін перспективалы құрылымдарды анықтауға, сондай-ақ олардың әлеуетті көлемін бағалауға мүмкіндік береді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық жобаны 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы, үш жылдық кезеңде мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге қарастырылған.
Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Осы іс-шараларды жүзеге асыру ел аумағын геологиялық зерделеу деңгейін арттыруға, одан әрі зерттеу үшін перспективалы учаскелерді анықтауға және Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толықтыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.