Қазақстанда алдағы республикалық референдум қарсаңында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа Конституция жобасы туралы түрлі анықтамалық және танымдық материалдар қоғамдық орындарда, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен медициналық мекемелерде кеңінен таратылған, деп жазады Egemen.kz.
Ел аумағындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық 322 фронт-офисінде арнайы ақпараттық баннерлер орналастырылған. Бұған қоса, күту залдары мен қызмет көрсету аймақтарындағы 3 мыңнан астам қосымша мониторда өзекті бейнеконтент көрсетіледі. ХҚКО-дың негізгі ақпараттық алаң ретінде таңдалуы мұнда келушілер санының жоғарылығымен түсіндіріледі: орта есеппен бұл орталықтар күніне 63 мыңға жуық азаматты қабылдайды.
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Сонымен қатар ақпараттандыру жұмыстары медициналық инфрақұрылым есебінен де кеңейіп жатыр. Бүгінде еліміз бойынша 545 медициналық мекеме жаңа Конституция мен алдағы референдум туралы ақпарат тарататын қосымша нүктелерге айналды.
Бұл бағыттағы жұмыс әсіресе республикалық маңызы бар қалаларда қарқынды: Алматыда – 76, Шымкентте – 60, ал Астанада 31 мекеме қамтылған. Облыстар арасында Түркестан (45), Атырау (34) және Ақмола (32) өңірлеріндегі медициналық нысандарда ақпараттық науқан белсенді жүріп жатыр.
Қазақстанда автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды
Осылайша, жүйелі құлағдар ету шаралары азаматтар жиі баратын нысандар айналасында шоғырланған. Бұл тәсіл референдум мен дауыс беру процедуралары туралы мәліметтердің қарапайым халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
Еліміздің спортшылары мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады