Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Оған құқықтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Айнұр Нурутдинова, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин қатысып, жиналғандарға Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында сарапшылар еліміздегі жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, адам құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы және әр азаматтың жауапкершілігі туралы сөз қозғады. Іс-шара барысында сөз сөйлеген философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин елдің тұтастығын нығайтуға негізделген Конституциялық реформаның жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.
«Жаңа Конституция жобасында адам капиталына басымдық берілген. Мұнда әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар бекітілген. Әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі Ата заңды кұрметтеуден басталады. Яғни құқықтық мәдениетті арттыру арқылы үлкен нәтижеге қол жеткізе аламыз. Ғылым мен білімді дамыту еліміздің инновациялық әлеуетін арттырып қана қоймай, инвестицияны ұлғайтуға сеп болары сөзсіз. Сондай-ақ Ата заң жобасында тәуелсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық құндылықтар, әрбір азаматтың өмір сүру құқын қамтамасыз ету, білім мен ғылым, талантты жастарды қолдау сияқты дүниелерге баса назар аударылған. Бұған дейін де ғылымға, мәдениетке ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет тарапынан қолдау да көп. Бірақ қоғам ішінде бұдан да басқа өзекті мәселелер баршылық. Барлығы осы адами капиталға келіп тіреледі. Сондықтан осы аталған құндылықтарға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, барлық салада кісілік, еңбек бағаланатын болса, адамдардың өзіне және қоғамына деген сенімі нығая түспек», деді ол.
Жаңа Конституция жобасында адвокатура мәртебесінің бекітілуі қандай маңызға ие?
Іс-шарада философия докторы (PhD), доцент Айнұр Нурутдинова жаңа Конституция жобасының басты ерекшеліктеріне тоқталып, оның тұжырымдамалық негіздерін ашып айтып берді.
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Кездесу барысында заң саласының мамандары, жас оқытушылар мен мамандар сарапшыларға сұрақтарын қойып, алда өтетін референдумда белсенділік танытатынын жеткізді.
Еліміздің спортшылары мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады