Қатты боран салдарынан өңірдегі қозғалыс тоқтап, республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс шектелді. Ең күрделі жағдай Қарағанды – Астана бағытында қалыптасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 ақпаннан бастап Қарағанды облысында ауа райы күрт нашарлап, қатты боран соғып, көріну деңгейі нөлге жуықтаған. Қауіпсіздік мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдар уақытша жабылды.
Шектеулерге байланысты жолдарда шамамен 500 жеңіл көлік, 350-ге жуық жүк көлігі және 20-ға дейін автобус жиналып қалды. Жалпы алғанда, жолда шамамен 2000 адам болған. Ең ауыр жағдай Қарағанды – Астана тас жолында тіркелді, мұнда шамамен 700 көлік қалып қойған.
23 ақпан күні сағат 14:00-ден бастап патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көліктерді сүйемелдеуге кірісті. Ауа райы жақсарған сайын Теміртау – Астана бағытындағы қозғалыс полиция бақылауымен қайта жанданды.
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Полиция департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында кез келген ойланбай жасалған сапар – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды