• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:10

Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды

10 рет
көрсетілді

24 ақпанда АҚШ-тың Кеден және шекара қызметі Ақ үй әкімшілігі енгізген импорттық баж салығын алуды ресми түрде тоқтатады. Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты бұл тарифтерді заңсыз деп таныған еді. Алымдарды тоқтату шығыс уақыты бойынша сағат 00:01-ден бастап күшіне енеді. Кеден қызметі тасымалдаушыларды ішкі хабар алмасу жүйесі арқылы ескертіп, IEEPA заңы аясында Трамптың жарлықтарына байланысты енгізілген барлық тарифтік кодтар өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот шешімі шыққаннан кейін тарифтердің неге тағы бірнеше күн бойы қолданыста болғаны туралы ресми түсініктеме берілмеді. Сондай-ақ импорттаушылар бұрын төлеген қаражаттың қаншалықты қайтарылатыны әзірге белгісіз. Ведомствоның атап өтуінше, бұл шешім барлық сауда шектеулеріне қатысты емес. Ұлттық қауіпсіздік туралы заңның 232-бөлімі және әділетсіз сауда тәжірибесіне қатысты 301-бөлім негізінде енгізілген баж салығы өз күшінде қалады.

Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды

20 ақпанда АҚШ Жоғарғы соты Ақ үй басшысы басқа елдерге қарсы енгізген ауқымды импорттық тарифтердің бір бөлігін заңсыз деп таныды. Судьялар Трамп халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заңды (IEEPA) пайдаланып, іс жүзінде көптеген елдерге тариф енгізу арқылы өз өкілеттігін асыра пайдаланған деген қорытындыға келді.

Осыған жауап ретінде Ақ үй 10 пайыздық жаңа «жаһандық» баж салығын жариялап, кейін оның мөлшерлемесін 15 пайызға дейін көтерді.

Соңғы жаңалықтар