• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

СҚО-да боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды

0 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында сенбі-жексенбі және дүйсенбі таңертең қатты боран болып, көлік қозғалысы қиындап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды. Осындай жағдайда полиция көлік қозғалысын колонналармен жүруді ұйымдастырды. Арты мен алдында жүрген патрульдік автомобильдер жылдамдықты 80 км/сағаттан асырмауды және бір-бірінен басып озбауды талап етіп отырды.

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні СҚО аумағында полицейлер 600-ден астам жеңіл автокөлікті осылай, колоннамен алып жүрді. Қолайсыз ауа райы кезеңінде республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ.

Ақпанның ақтүтек бораны: Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады

Соңғы жаңалықтар