• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды

0 рет
көрсетілді

Шалғайдағы Мойынқұм ауданында күрделі жөндеуден өткізілген өрт сөндіру бөлімі жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңарған ғимараттың ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлі және облыстық ТЖД бастығы Арман Тоқанов қатысты.

Ведомство басшысы өрт сөндіру бөлімшелерін жаңғырту жұмыстары қызметкерлерге заманауи жағдай жасауға және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

1987 жылы салынған бөлімше ғимараты шамамен 40 жыл өткен соң алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Ғимарат пен қызметтік үй-жайлар толық жаңартылып, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді.

Бөлімшеде газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, оқу сыныбы, заманауи тұрмыстық бөлмелер, демалыс аймағы және техникаға арналған бокстар жабдықталған. Сонымен қатар жеке құрамның дене даярлығын шыңдауға арналған заманауи талаптарға сай Batyr team спорт залы қарастырылған.

Ашылу рәсімі аясында облыстық ТЖД қызметкерлеріне жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасының кілттері табысталды.

Таразда жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы салдарынан жүргізушілерге 345 млн теңге айыппұл заңсыз салынған

Айта кетейік, 2025 жылы бөлім қызметкерлері 43 өрт оқиғасына және 80 жану дерегіне жедел әрекет етіп, 10 адамды құтқарды. Қазіргі таңда бөлімде 22 қызметкер еңбек етіп жатыр. 

Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Соңғы жаңалықтар