Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі келтірген дерекке жүгінсек, Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолында полиция қызметкерлері Van Hool маркалы автобусты тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру кезінде көлік көлік құралының барлық орындығы алынып тасталып, толықтай жатын орын ретінде қайта жабдықталғаны белгілі болған.
Жүргізуші рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Таразда жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы салдарынан жүргізушілерге 345 млн теңге айыппұл заңсыз салынған
Жалпы, полиция қызметкерлерімен жолаушылар тасымалы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған рейдтік іс-шараның үш күнінде 457 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліпті. Оның ішінде мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті