• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:38

60 отбасының қуанышы

20 рет
көрсетілді

Жақында Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылында әрқайсысы 72 пәтерден тұратын, талапқа сай салынған 2 тұрғын үй иелерін тапты.

Пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсы­ру рәсіміне аудан әкімі Қайыржан Жақ­сым­бетов қатысты. Аудан басшысы халық­ты тұрғын үймен қамтамасыз ету күн тәр­ті­біндегі өзекті мәселе екенін, бұл бағытта ау­қымды жұмыстар атқарылып жатқа­нын атап өтті.

«Бүгін ұзақ жыл бойы кезекте тұр­ған 60 азаматтың қуанышына куә болып отырмыз. Былтыр әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 269 үй мен пәтер сатып алынды. Биыл Өтеген батыр ауылында жаңа салынған 144 пәтерді тапсыру, сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға тағы 36 пәтер сатып алу жоспарда бар», деді әкім.

Жаңа қоныс иелерінің бірі Сәрсенгүл Әбдікерімқызы: «Үй кезегіне көпбалалы ана ретінде тіркелдім. 15 жыл бойы сабырмен күтіп, өз баспанама қол жеткіздім. Төрт қыз, бір ұлым болғандықтан, үш бөл­мелі пәтер бұ­йыр­ды. Сапасы көңілі­мізден шықты. Қуаныштымыз, алғысы­мыз шексіз», деп ағынан жарылды.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар