• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 10:43

ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады

10 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің онлайн форматта кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісім мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжат еңбек көші-қоны аясында ғылыми атақтарды тікелей мойындауды қарастырады. Бұл ғылыми дәрежесі бар азаматтарға Одаққа мүше басқа елдерде өз біліктілігіне сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Егер жұмысқа орналасатын мемлекетте сараптама қорытындысы бойынша теріс шешім қабылданбаған болса, келісім күшіне енгенге дейін берілген құжаттар да ресми түрде танылады.

Енді келісім ратификациялау рәсімінен өту үшін ЕАЭО елдеріне жолданады. Барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң құжат күшіне енеді.

Қазақстан мен Моңғолия Үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық келісімі ратификацияланды

Сонымен қатар отырыста ЕАЭО елдерінің зияткерлік көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру тұжырымдамасын іске асыруға арналған жол картасы бекітілді. Биыл базалық ақпараттық сервистерді айқындау, деректер алмасу форматы бойынша ұсыныстар әзірлеу және тиісті құқықтық негіз қалыптастыру жоспарланған.

Кеңес қорытындысы бойынша ЕАЭО кедендік аумағында ветеринариялық дәрілік заттардың айналымын реттеу қағидаларының жекелеген нормаларын нақтылау және техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарын өзектендіру туралы шешім қабылданды.

Президент Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды

Айта кетейік, 2026 жылы ЕЭК Кеңесіне Қазақстан төрағалық етеді. Кеңесті Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарады.

Соңғы жаңалықтар