Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Хангелді Нұрдәулет Американың USK университетінің Gould School of Iaw мектебінде шетелдік студенттерге Қазақстандағы жаңа Конституциялық реформа туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Айта кетейік, Хангелді Нұрдәулет бүгінде Америкада «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Оның оқу мерзімі – 1 жыл. Өзі Түркістан облысында дүниеге келген. Ол Түркістан облысында дүниеге келген, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Мамандығы – тарихшы, заң ғылымдарының магистрі.
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: Сарапшы көзқараы
Ол бұған дейін Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінде, Оқу-ағарту министрлігінде, Парламент Мәжілісінде жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ғылыми қызметкері, «Тұран-Астана» университетінің Халықаралық бағдарламалар және жобалар жөніндегі проректоры болған.