• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Жамбыл облысында 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады

10 рет
көрсетілді

Биыл Жамбыл облысында егіс алқаптарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ресми дерекке сенсек, ауыл шаруашылығы дақылдарын 623,3 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Өткен жылы 640 мың гектар алқаптан 3,2 млн тонна өнім жиналған болатын. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев хабарлады.

Оның айтуынша, егістік алқаптарының қысқаруы 2026-2028 жылдар аралығында Ислам даму банкінің қаржыландыруымен 76 каналға жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты.

Суармалы жер көлемінің уақытша азаюына байланысты суды көп қажет ететін көкөніс дақылдарының көлемі 7,5 мың гектарға қысқарып, жалпы алаңы 23,6 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ бақша дақылдарының көлемі 8 мың гектарға азайтылып, 4,7 мың гектарға орналастыру жоспарлануда.

Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?

Басқарма басшысының айтуынша, қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге басымдық берілмек. Осы мақсатта дәндік жүгері алқабы 11,8 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 30 мың гектарға жеткізіледі. Қант қызылшасының егіс көлемі 1,9 мың гектарға артып, 8,5 мың гектарды құрайды.

Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Соңғы жаңалықтар