Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға туралы хабар түскеннен кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде жеткен. Ғимараттан сегіз газ баллоны шығарылып, 10-нан астам адам құтқарылды.
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, жеті адам қаза тапқан. Өрт толықтай сөндірілді, қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, облыс әкімінің орынбасары бар. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдері, құтқару топтары, медицина қызметкерлері, полиция және газ-техникалық инспекция жұмылдырылған. Санитарлық авиация мен ТЖМ-нің реанимобильдері дайындық режиміне қойылды.
Астанада жүк көлігі өртке оранды