Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Сербия Президенті Александр Вучич ресми сапармен келді. Бүгін мәртебелі мейманды Ақордада Мемлекет басшысы қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.
Еске сала кетейік, кеше Сербия Президентін әуежайдан Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.