Қазақстандағы ең ірі үш кен орны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ 2024 жылғы қаңтарда мұнай және газ конденсатын өндіруді 2,4 млн тоннаға қысқартып, 2,7 млн тоннаға дейін төмендетті. Бұл шамамен 47%-дық төмендеу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, негізгі себеп – Теңізде болған өрт пен Каспий құбыр консорциумы (КТК) жұмысындағы ақаулар.
Теңізде өндіріс 1,8 млн тоннаға (66%);
Қашағанда – 495 мың тоннаға (33%);
Қарашығанақта – 118 мың тоннаға (13%) қысқарды.
КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды
Өндіру 19 қаңтарда Теңіздегі электрстанция генераторы өртенген соң тоқтап қалған. Қаңтар айында ел бойынша орташа тәуліктік өндіру 35%-ға төмендеді.
Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
Нарық қатысушылары мен Қазақстанның Энергетика министрлігі оқиғаның салдарын әртүрлі бағалады:
Нарық қатысушылары Теңізде ақпан айының алғашқы аптасында өндіріс тек қалыпты деңгейдің жартысына қалпына келеді деп болжады.
Ал Энергетика министрлігі айдың алғашқы күндерінде өндіріс толық қалпына келеді деп мәлімдеді.
25 ақпанда өрттің салдарын жою жөндеу жұмыстары аяқталды, бірақ өндіріс әлі де жоспарланған деңгейден 17%-ға төмен.