Оқу жылындағы ең ұзақ ІІІ тоқсан 19 наурызда аяқталады. Оқу-ағарту министрлігі тоқсанның аяқталуына байланысты оқушыларға 11 күндік демалыс берілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Көктемгі каникул 29 наурызды қоса алғанда 11 күнтізбелік күнге созылады. Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз жексінбі күніне тұспа-тұс келуіне байланысты оқушылар 9 наурыз күні де демалады.
Абай облысында 6-сынып оқушысы смарт-сөмке ойлап тапты
Айта кетейік, 2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні – 10 наурыз, сейсенбіге сәйкес келеді.
8 наурыздағы демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз – қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз − жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз – жұмыс күні, 8 және 9 наурыз – демалыс күндері, 10 наурыз – жұмыс күні.Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:
21 наурыз – сенбі; 22 наурыз – жексенбі; 23 наурыз – дүйсенбі.Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.