• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 11:20

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 81 мектеп салынды

0 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып отыр. Аталған қаржы жаңа білім беру нысандарын салуға, қолданыстағы мектептерді жаңғыртуға және қосымша ғимараттар тұрғызуға жұмсалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта қор есебінен 89 мың оқушыға арналған 81 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл нысандардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан. Барлық мектептер заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген.

Жеті жылда Қазақстанда 1,3 мыңнан астам жаңа мектеп салынды

Жалпы алғанда, қор қаражаты арқылы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 білім беру мекемесінің құрылысы қаржыландырылды. Аталған жобалар білім беру саласын жүйелі түрде дамытуға және инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

АШМ экс-шенеунігі жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Соңғы жаңалықтар