• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:48

Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді

0 рет
көрсетілді

Еліміздің тарихында тұңғыш рет 26-29 наурыз аралығында семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі Астанада өтеді. Беделді халықаралық турнир QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.

Жарысқа әлемнің 96 елінен 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Әлем кубогінің кезеңі ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сындар бойынша ұйымдастырылады.

Әлем кубогі кезеңінде ел намысын ерлер құрамасы сапында шпагадан Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаймов қорғайды.

Қазақстанның Ұлттық Семсерлесу Федерациясының мәлімдеуінше, мұндай деңгейдегі жарыстарды Марракеш пен Буэнос-Айрес қалалары өткізген. Ал БАӘ, Германия, Швейцария және Канада Әлем кубогі кезеңдерін тұрақты түрде қабылдап келеді. Биыл Қазақстан алғаш рет қабылдаушы елдердің элиталық тізіміне қосылды.

Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

«Мен семсерлесумен алғаш айналыса бастаған кезде Әлем кубогінің бір кезеңі Қазақстанда өтеді дегенді елестете де алмаған едім. Біз үшін мұндай турнирлер әрдайым алыс елдерде – Италия, Франция, Венгрия секілді семсерлесу дәстүрі қалыптасқан мемлекеттерде өтетін, әлемнің үздік спортшылары сонда жиналатын. Бүгін біз Әлем кубогінің маңызды кезеңдерінің бірін өз елімізде қабылдап отырмыз. Бұл – ел үшін де, қазақ семсерлесуі үшін де зор мақтаныш. Мұндай ірі жарыстар жайдан-жай сеніп тапсырылмайды. Мұндай шешім біздің деңгейіміздің мойындалғанын білдіреді. Сондықтан біз, спортшылар үшін, тек шетелде ғана емес, өз жерімізде де сол деңгейге сай өнер көрсету – үлкен жауапкершілік», деді семсерлесуден ұлттық құраманың спортшысы Руслан Құрбанов.

 

Соңғы жаңалықтар