• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 15:05

Астанада қар тазалауға 1 748 техника шықты

10 рет
көрсетілді

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерін, даңғылдар мен тұрғын алаптарын қар мен мұздан тазарту шаралары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен түннің өзінде қар полигондарына 1 316 ауыр жүк көлігі рейс жасап, жалпы көлемі 22 865 текше метр қар шығарылды. Бұл жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік кептелісінің алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардың бір бөлігі.

3 наурыздың таңынан бастап қар тазалау науқанына 1 748 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Олардың қатарында қар тиегіштер, автогрейдерлер, құм-тұз қоспасын себетін машиналар мен жүк көліктері бар. Сонымен қатар 3 036 жол жұмысшысы аялдамалар, жаяу жүргіншілер жолы, әлеуметтік нысандар маңы мен аулаларды тазалауға тартылған.

Астана маңындағы ауыл тұрғыны туыстарының денесін бөлшектеп тастаған

Мамандар алдымен қоғамдық көлік бағыттары, негізгі магистральдар, көпірлер мен жол айрықтарын тазартуға басымдық беріп отыр. Сондай-ақ көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға арнайы реагенттер себілген.

Қалалық қызметтер тұрғындарды жолда сақ болуға, ауа райы жағдайын ескеріп қозғалысты жоспарлауға шақырады. Қар тазалау және жолдарды өңдеу жұмыстары тәулік бойы жалғасады.

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған балаларды шығарып алды

Соңғы жаңалықтар