• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 08:33

Көпдеңгейлі тілдік модель

0 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда Ақпараттық және есептеу технологиялары институтында 12 ғылыми зертхана жұмыс істейді. Соның бірі – Интеллектуалдық жүйелердің компьютерлік инженериясы зертханасы. Мұнда жасанды интеллектпен қатар ғылымның бірнеше бағыты бойынша зерттеулер іске асады.

Бүгінде ғалымдар жасанды интел­лек­ті­ге негізделген екі жобаны әзірлеу үстінде. Институттың аға ғылыми қызметкері, PhD Дина Оралбекова жоба тілдік технологиялар мен медициналық диагностиканы дамытумен байланысты екенін айтты. Соның бірі – қазақ тілі­не арналған көп деңгейлі тілдік модельді әзірлеуге бағытталған.

– Қазақ тілі морфоло­гия­лық тұрғыдан күр­делі және агглютинативті тіл­дер қатарына жатады. Оны бас­тап­қыда ағылшын және басқа да ана­ли­тикалық тілдерге арналып жасалған стандартты тілдік модельдер арқылы өңдеу айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан аталған жоба аясында қазақ тіліне негізделген сөздің ішкі құры­лымын – морфемалар, қосымшалар мен сөз тұл­ға­ларын ескеретін тілдік модельдеудің жаңа тәсілі ұсынылып отыр. Мұндай архитектура деректердің сиректігіне қатысты туындайтын мәселені азайтып, қазақ тілі және оған жақын түркі тілдеріндегі мәтіндерді талдау кезінде модель­дердің дәлдігін арттырады, – дейді Дина Оралбекова.

Әзірленген тілдік модель мәтінді қысқаша, құжат­тарды жіктеу, мәтіннің тоналдылығын талдау және интеллектуалдық іздеу сияқты қол­­дан­балы міндеттерде пайдаланылып отыр. Жо­баның маңызды нәтижесінің бірі – арнайы мәтіндік деректер корпустары мен экспери­мент­тік прототиптердің әзірленуі. Бұл ғылыми нәти­желер ұлттық тілдік жасанды интеллект сер­вистерін одан әрі дамытуға негіз болып, бола­шақ­та білім беру және мемлекеттік цифрлық платформаларға ен­гізілуі мүмкін.

Зертханада жүзеге асып жатқан екінші ірі жоба – көз ауруын ерте кезеңде анықтауды жасанды интеллект әдістері арқылы шешуді мақсат етеді. PhD Дина Оралбекова атап өткендей, қазіргі таңда глаукома мен диабеттік ретинопатия сияқты көз ауруларының кең таралуы бұл патологияларды дер кезінде анықтаудың көру қабілетін сақтаудағы маңызын арттырып отыр. Осыған орай көз түбінің биомедициналық кескіндері мен ретинальды томограммаларды талдауға арналған интеллектуалдық жүйе әзірленді. Ұсынылған шешімнің негізінде маши­налық және терең оқыту әдістері, соның ішінде конво­лю­циялық нейрондық желі­лер, сондай-ақ сарап­та­ма­лық және бұлдыр логикаға негіз­делген шешім қабылдау модельдері қолданылған. Бұл тәсіл көздің тор қабығының кескіндерін автоматты түрде өңдеуге және сег­ментация­лау­ға, аурулардың бастапқы саты­ларына тән құрылымдық өзгерістерді анық­тауға, сондай-ақ диагностиканың дәлдігі мен сенім­ділігін арттыруға жол ашады.

Әзірленген жүйе меди­ци­налық мекемелерде прак­тикалық қолдануға бағыт­тал­ған және офтальмолог дәрігер­лер үшін тиімді көмекші құрал бола алады.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар