• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 15:05

Көкшетауда жылына 300 мың тонна өсімдік майы өндірілмек

0 рет
көрсетілді

«Содружество Қазақстан» серіктестігі Ақмола облысында күнбағыс, рапс, соя және зығыр тұқымдарын терең өңдейтін жоғары технологиялық кәсіпорын құруды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, кәсіпорында жыл сайын 300 мың тоннаға дейін өсімдік майы және 400-500 мың тонна мал азықтары күнжара пен жом өндіріледі. Жобаны іске асыру мерзімі 18 айдан 36 айға дейін деп жоспарланған.

Жобаға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 76 млрд теңгеге бағаланып отыр. Нәтижесінде 400-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады

Компания директоры Александр Самойловтың айтуынша, бұл кәсіпорын майлы дақылдарды өңдеу нарығында алдыңғы қатарда.

«Біздің зауыт өңірді сапалы өсімдік майымен, сондай-ақ құс және мал шаруашылығында сұранысқа ие жанама өнімдер – күнжара пен жоммен қамтамасыз етеді», деді ол.

Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады

Кәсіпорынды іске қосу май-тоң май саласын дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға маңызды серпін береді.

Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды

Соңғы жаңалықтар