Алматы облысының Талғар қаласында жеті баланың әкесі өлтірілді. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамға 30-дан астам пышақ жарақаты салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы оқиға 14 ақпанда болған. Отбасының адвокаты Асылбек Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында жанжалға жылқы саудасына қатысты жағдай себеп болуы мүмкін екенін жазды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, әйел күйеуінің рұқсатынсыз оның жылқыларын сатып жіберген. Осыған байланысты ер адам полицияға арыз түсірген. Бұдан кейін, болжам бойынша, әйел анаcымен бірге ұйықтап жатқан күйеуіне шабуыл жасап, оған 30-дан астам пышақ жарақатын салған», деп хабарлады адвокат.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті
Оқиғаға қатысты түсініктеме берген Алматы облысы полиция департаменті күдіктілердің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
«Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде адамдар тобы жасаған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Шымкентте тағы бір әйелді пышақтап кетті: Полиция қару қолдануға мәжбүр болды