• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:53

Шымкентте көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды

40 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы «Студенческий городок» шағын ауданындағы бір подъезде төрт адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция қайғылы оқиғаға газ иісінен улану себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Марқұмдардың көршілері олардың бұған дейін де газдың иісіне шағымданғанын айтып отыр. Ал газ қызметінің мамандары әзірге ресми түсініктеме бермеген.

Шымкентте жалдамалы пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету салдарынан адам өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды

«Бірінші қыздың мәйітін шамамен түн ортасында тапты. Қыз пәтерді жалға алып тұрып жатқан. Үй иесі кірген кезде жуынатын бөлменің есігі ішінен құлыптаулы болған. Есікті ашқанда, қыздың жуынып жатқан кезінде көз жұмғаны белгілі болды. Содан кейін учаскелік полицейді шақырды, бірақ олардың есікті бұзуға өкілеттігі болмаған болуы мүмкін, сондықтан бәрін сыртқа шығарды. Кейін Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келіп, басқа есіктерді де ашып, тағы бірнеше адамның мәйітін тапты», дейді көршілес үй тұрғыны Ислам Файзуллаев.

Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды

   
Соңғы жаңалықтар