«City Transportation Systems» алдағы мереке күндеріне байланысты Орталық кассаның жұмыс кестесінде өзгерістер болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«8 және 9 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күніне байланысты Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан Орталық касса жұмыс істемейді. Осыған орай құжат тапсыру немесе басқа қызметтерді алу үшін келуді жоспарлаған азаматтардан бұл өзгерісті ескеруді сұраймыз», делінген хабарламада.
7 наурыз, сенбі күні әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді. Ал 10 наурыздан бастап мекеме жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады.
Орталық кассаның тұрақты жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Келушілерге арналған соңғы талон сағат 17:45-те беріледі. Түскі үзіліс қарастырылмаған, қызмет көрсету үзіліссіз жүргізіледі. Жексенбі – демалыс күні.
Орталық кассаға баруды жоспарлаған кезде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді алдын ала ескеру қажет.
Қазақстанда автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды