• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 11:37

Елімізде жалақысын ала алмай жүрген азаматтарға 253 млн теңге төленді

20 рет
көрсетілді

Осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 102 кәсіпорны 408 жұмыскерге 284 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сондай-ақ түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 1 мыңнан астам еңбек құқығының бұзылу фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым беріліп, 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 354 жұмыскердің құқы қорғалды. Оларға 253 млн теңге төленді.

Жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау талабы күшейтіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік еңбек инспекторлар жыл басынан 1 наурызға дейін 1 125 тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 1 228 бұзушылық, еңбек саласында – 1055, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 161, халықты жұмыспен қамту бойынша – 12 құқық бұзушылық анықталған.

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 354 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.

Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған

Соңғы жаңалықтар