• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Көрме Бүгін, 17:28

Алматыда балдырған суретшілердің көрмесі ашылды

0 рет
көрсетілді

Ұлттық орталық музейде жаңару мен жаңғыру мерекесіне орай «АртУм» балалар студиясының «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты айрықша көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 жылдан бері жас дарындардың шығармашылық әлеуетін шыңдап, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып келе жатқан «АртУм» студиясы бүгінге дейін қаншама таланттарды қанаттандырған.

Көрмеде ұсынылған 40 туындыда ұлттық нақыштағы әйел бейнесі, табиғат көріністері мен балалық қиялдың мөлдір әлемі тоғысқан. Әртүрлі техникада орындалған жұмыстар жас суретшілердің ішкі дүниесін, көктемгі шабытын және өмірге деген шынайы көзқарасын айшықтайды.

Көрмені Ұлттық орталық музейдің ғалым хатшысы Ерсін Маралбекұлы мен Қоғаммен байланыс және көрмелерді ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Анна Кущенко ашты. Олар көрме қатысушыларын көрменің ашылуымен және көктем мерекесімен құттықтап, жас суретшілердің шығармашылығына жоғары баға берді. Сонымен қатар, балалардың өнер арқылы өз ойы мен сезімін жеткізе білуі − олардың рухани дамуы мен мәдени тәрбиесінің маңызды көрсеткіші екенін атап өтті.

Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды

Сондай-ақ, көрменің ұйымдастырушысы, студияның көркемдік жетекшісі − «Тұмар-Арт» педагог-суретшілер одағының мүшесі Анара Нуранова студияның 13 жылдық жетістігі туралы айтып, осы уақыт аралығында көптеген жас дарындардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлес қосқанын атап өтті.

«Boran – Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме

Сонымен қатар, жас суретшілердің еңбегін қолдап келген ата-аналар мен ұстаздарға алғыс білдіріп, балалардың өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы болашақта үлкен жетістіктерге жетелейді деген сенімін жеткізді.

Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті

Соңғы жаңалықтар