• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс Бүгін, 09:27

IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды

10 рет
көрсетілді

International Boxing Federation (IBF) халықаралық бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды. Сондай-ақ отандасымызға тиесілі болған чемпиондық белбеудің әзірге бос екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұйымның тәртібіне сәйкес, чемпиондық титулды жеңіп алғаннан кейін тоғыз айдан кешіктірмей міндетті қорғау жекпе-жегін өткізуі тиіс. Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл талапты орындаудың соңғы мерзімі 2026 жылдың 4 шілдесі болып белгіленген еді.

Алайда ол 2025 жылдың желтоқсанында допинг-тесттен өте алмауына байланысты кәсіпқой бокстан 1 жылға шеттетілді. Сондықтан IBF басшылығы чемпиондық белбеудің әзірге иесі жоқ екенін жариялады.

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы Ring Magazine рейтингінен шығып қалды

Ал Жәнібек Әлімханұлына тиесілі орта салмақта World Boxing Organization (WBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі әзірге отандасымыздың еншісінде қала бермек.

Белгілі бапкер Жәнібек Әлімханұлының мансабына қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, отандасымыз WBO-ның уақытша титулын 2022 жылдың мамыр айында жеңіп алып, кейін ұйымның толыққанды чемпионы дәрежесіне көтерілді. Аталған белбеуін бес рет сәтті қорғады. Оның ішінде үш жекпе-жегін ол 2023 жылдың қазан айында жеңіп алған IBF титулынан кейін өткізді. Ол кезде Әлімханұлы жеңіліп көрмеген неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңген еді.

 

Соңғы жаңалықтар