• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 22:15

Ертең Астанада колледж студенттері мен мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды

10 рет
көрсетілді

Астанада ауа райына байланысты колледждің 1-2 курс студенттері мен мектеп оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«2026 жылғы 12 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.

 «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар