• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астанада қатты желдің салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады

0 рет
көрсетілді

Астанада екпіні күшті желдің салдарынан тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті құлады. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға 11 наурыз күні сағат 17:00 шамасында болған. Қатты желдің салдарынан 2015 жылы пайдалануға берілген «Айка» тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі жылу оқшаулағыш қабаты қапталған беттен бөлініп кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясы жұмыстарды жүргізу үшін өнеркәсіптік альпинист жалдау мәселесін қарастырып, қасбетті қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеп жатыр», деп жазды Астана қаласының тұрғын үй инспекциясыны.

Әкімдікте атап өткендей, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 34-бабына сәйкес көпқабатты үйдің қасбетін күтіп ұстау пәтер иелерінің міндеті болып табылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың қараша айында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіндегі сыртқы қаптама құлап түсті. Кірпіштер бірінші қабаттағы дүкеннің кіреберісін басып қалды, сондай-ақ жоғарыдан кондиционер де құлаған.

Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, олардың ішінде оқиға орнына келген екі фельдшер де бар. Олардың біріне жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Дәрігерлер бас сүйегіндегі гематоманы алып тастап, қан кетуді тоқтатқанымен, медицина қызметкерін аман сақтап қалу мүмкін болмады.

Соңғы жаңалықтар