• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:30

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауады

10 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 12 наурыз күні елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Ұлытау облысының түнде батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде қар жауып, боран соғады. Күндіз солтүстік пен шығыста аздаған қар жауып, баяу бұрқасын күтіледі. Батыс пен оңтүстікте тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында қар жауып, боран соғады. Шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Қарағанды қаласында да қар мен боран болжанып отыр.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Павлодар облысында қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы облысында оңтүстік және таулы аудандарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде солтүстікте және таулы аймақтарда 25 градусқа дейін аяз күтіледі. Алматы және Қонаев қалаларында тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және боран болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Түркістан облысында батыс, солтүстік және таулы аудандарда тұман түсетіні болжанған. Шымкент пен Түркістан қалаларында да тұман түседі.

Атырау облысында желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Абай облысында солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Семейде де осындай ауа райы сақталады.

Батыс Қазақстан облысында тұман мен көктайғақ болады. Орал қаласында түнде және таңертең көктайғақ болжанған.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, баяу бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр. Кей аудандарда тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік және шығыс бөліктерінде қар мен боран күтіледі. Өскеменде күндіз қар жауып, боран соғады.

Қостанай облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман болады.

Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысында түнде қар мен боран, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 30 метрге жетеді. Астана қаласында да қар мен боран күтіледі.

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Жамбыл облысында оңтүстік және таулы аудандарда тұман түседі. Таразда да уақытша тұман болады.

Жетісу облысында оңтүстік және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алакөл маңында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде кей жерлерде 25 градусқа дейін аяз болады.

Соңғы жаңалықтар