• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Иракта АҚШ-тың әскери ұшағы құлап, алты адам қаза тапты

0 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы Иракта апатқа ұшыраған КС-135 әскери жанармай құю ұшағының экипажы толық қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

CENTCOM мәліметінше, оқиға кезінде ұшақ бортында алты адам болған. Олардың барлығы көз жұмды.

«Ұшақ 12 наурыз күні «Эпикалық қаһар» операциясы барысында достық әуе кеңістігінде ұшу кезінде жоғалып кеткен», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың апатқа ұшырауына жаудың да, одақтас күштердің де атысы себеп болмаған.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды

Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөні олардың туыстарына хабар берілгеннен кейін 24 сағат өткен соң ғана жарияланатыны айтылды.

Техаста ұшақ апатқа ұшырады

   
Соңғы жаңалықтар