• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Шығыс Қазақстандағы кітапханаға «ЖИ-комплектатор» жобасы іске қосылды

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, экономика мен қоғам дамуындағы негізгі факторды айқындады. А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы да белсенділік танытып жатыр. Бұл жолы кітапхана «ЖИ-комплектатор» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жасанды интеллект негізіндегі «ЖИ-комплектор» интеллектуалды қосымшасы кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды өңдеу бойынша жұмыстың тиімділігін ондаған есе арттыруға мүмкіндік береді. «ЖИ-комплектор» қолданыстағы ИРБИС кітапханалық-ақпараттық жүйесіне кіріктірілген. Соның арқасында жаңа түсімдер электрондық каталогта жедел көрініс тауып, оқырманға бұрынғыға қарағанда бірнеше есе жылдам қолжетімді болады. Кітапхананың технологиялық инновациясының тағы бір құндылығы – кәсіби саладағы мамандандырылған кадрлардың тапшылығы мәселелерін қалай шешуге болатындығын көрсетеді.

Жасанды интеллект және кибершабуыл: Дипфейкті шынайы бейнеден қалай ажыратуға болады?

Осылайша, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Қазақстандағы кәсіби салада жасанды интеллект базасында сапалы жаңа технологиялық инновацияларды ұсынатын әзірше жалғыз кітапхана. Өткен жылы «DosAI» нейро-ассистентін қолданысқа енгізсе, биыл «ЖИ-комплектор» жаңа шешімін ұсынды.

Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бұл жобалары Қазақстанның кітапхана саласында жасанды интеллектті қолдану бойынша әзірше жалғыз серпінді шешім.

Соңғы жаңалықтар