• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 09:25

Референдумға дайындық барысы пысықталды

10 рет
көрсетілді

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанға республикалық референдумды байқауға келген халықаралық байқау миссияларының басшылары және шетелдік сайлау органдарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Атап айтқанда, ТМД бай­қау­шылар миссиясының атынан ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенко, Қауіпсіздік және ынтымақтастық шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы атынан Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Сот-құқықтық, құ­қық реттеу, қылмыспен күрес және жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл комитет төраға­сының орынбасарымен кездесті.

Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров ТҮРКПА Құқық­тық мәселелер және  халық­аралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілі­сінің депутаты, Миссия басшысы Осман Местенмен кездесті.

Сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттің сайлау орган­­дары басшыларымен екіжақ­ты кездесулер өтті. Түрік Рес­пуб­ликасы Жоғары сай­лау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер, Албания Респуб­ликасы Сайлау жөніндегі Бас комиссары Илирджан Челибаши, Қырғыз Рес­пуб­ликасының Сайлау және референдум өткізу жөнін­дегі орталық комиссия­сының төрағасы Тынчтык Шай­назаровпен кездесу­лер барысында Нұрлан Әб­діров шетелдік әріптес­терін республикалық референ­думға дайындықтың негізгі бағыттарымен таныстыр­ды. Ол референдум комиссия­лары­ның қызметін ұйым­дас­тыру, дауыс беру учас­ке­лерінің дайындық дең­гейі, азаматтардың конститу­циялық құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған шаралар және ақпараттық жұмыс туралы айтты.

Референдумды байқауға 38 мемлекет пен 11 ха­лық­аралық ұйымнан барлығы 359 байқаушы аккредиттеуден өтті, бұл дауыс беру үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тараптар халық­аралық байқау ұйым­дастыру мәселелерін, миссиялардың жұмыс жағдайлары және референдум комиссияларымен өзара іс-қимылды талқылады. Халықаралық миссиялардың басшылары өз кезегінде байқау іс-шараларының жоспарлары мен форматтары туралы ақпарат ұсынды.

Соңғы жаңалықтар