• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 07:55

Ерболдың әлемдік абыройы

0 рет
көрсетілді

Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды. Пара биатлоннан 4,5 шақырымға із қуу сайысында жерлесіміз қайсар мінез танытып, төртжылдық додасында топ жарды.

Еліміздің спортшылары қыс­қы Паралимпиада ойындарында осымен екінші алтын медальға қол жет­кізіп отыр. Италия төріндегі ақ аламанда Ербол Хамитов бұ­ған дейін пара шаңғыдан қола медаль олжалаған еді. Енді міне, ел мерейін асырып, мәр­тебемізді биіктетіп пара биатлоннан алғашқы алтын жүлдені қанжығаға байлады.

– Мәреге жақындағанда асқақтаған көңілімді тежей алмадым. Бұл жүлдені көптен күтіп, барымызды салып әзірлендік. Жанкүйерлердің сенімін ақтап, үмітін маздатып Паралимпиада чемпионы атанғаныма қуа­ныштымын, – деді Ербол. Талантты спортшы бұл дүбірлі додаға екінші мәрте қатысып, орасан табысқа жетті.

Қысқы Паралимпиада ойын­дарына спортшыларымыз 1994 жылдан бері қатысып, бес медаль жеңіп алды. Бұған дейін 2018 жылы Пхенчхандағы бәсекеде Александр Колядин пара шаңғыдан чемпион атанған еді. Көптен бері кетіп жүрген есемізді түген­деген саңлақ Ербол Хамитов – Паралимпиада додасында екі мәрте медаль олжалаған әзірге жалғыз спортшы.

Соңғы жаңалықтар