АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны (№9 WTA) екі сетте қапы қалдырды – 7:5, 6:4, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жеңіс Рыбакинаны финалға шығарып қана қоймай, оның әлемнің екінші ракеткасы деген жаңа мәртебесін бекіте түсті.
Қазір Елена жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, матчтың шешуші сәттерінде қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай жүр.
Енді бас жүлде үшін Елена Арина Соболенкомен (№1 WTA) кездеседі.
Анна Данилина WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шықты
Еске салайық, олардың кейінгі рет Australian Open финалындағы кездесуінде Елена жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.