• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:42

Абу-Дабиде әскери операцияның видеосын желіде таратқан 45 адам ұсталды

10 рет
көрсетілді

Абу-Даби қаласында әскери шиеленіс кезінде түрлі нысандарды видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялаған 45 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Билік өкілдерінің мәліметінше, олар нақты емес әрі қоғамды жаңылыстыруы мүмкін ақпарат таратты деген күдікке ілінген. Мұндай материалдар қоғамдық пікірді қоздырып, қауесеттердің таралуына себеп болуы мүмкін екені айтылды.

Билік сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарына қатысты кадрларды түсіруге және жариялауға Біріккен Араб Әмірліктері аумағында тыйым салынғанын ескертті. Мұндай әрекеттер ел қауіпсіздігіне және әскери операциялардың жүргізілуіне кері әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін Дубай қаласында да осындай әрекеттер үшін 21 адам ұсталған. Олар Иранның БАӘ аумағына жасаған соққыларына қатысты жалған ақпарат пен арандатушылық материалдар таратты деп айыпталған.

Айта кетейік, Израиль 28 ақпанда таңертең Иранға соққы жасады. Шабуылды елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац растады. Тегеран қаласында кемінде үш жарылыс болды.

Сонымен қатар Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай қалған. Ал «Қазпошта» Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерінің іске қосылғаны хабарланған еді.

   
Соңғы жаңалықтар