• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

«Референдум – 2026» онлайн марафоны: Қатысушылар қандай тақырыптарды талқылады?

20 рет
көрсетілді

Республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. 09:00-де басталған іс-шараның алғашқы сағаттарында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, инновациялық жобалар таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.

Медиа кеңістікте алғаш рет онлайн марафонды журналистер робот-жүргізушімен бірге ресми түрде бастады.

Марафонның ток-шоу алаңында ел үшін өзекті «Инклюзивті қоғам» және «Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістің қайшылығы» тақырыптары талқыланды. «Инклюзивті қоғам» тақырыбындағы дискуссия барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең мүмкіндік жасау, қолжетімді орта қалыптастыру және қоғамдағы өзара құрмет мәдениетін дамыту мәселелері сөз болды. Сарапшылар инклюзияның білім беру жүйесіндегі, еңбек нарығындағы және қоғамдық кеңістіктегі рөліне тоқталды.

Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды

«Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістің қайшылығы» тақырыбын талқылау кезінде қазіргі қоғамдағы тәрбие тәсілдерінің өзгеруі, ұлттық құндылықтар мен заманауи психологияның үйлесімі, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігі сынды мәселелер көтерілді. Бұл туралы отбасылық психолог Ержан Мырзабаев: «Әр дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Дәстүр – белгілі бір кезеңде халықтың өмір сүруіне ыңғайланған әдет-ғұрыптардың жиынтығы. Сондықтан кейбір дәстүрлер бір заманда өзекті болса, басқа уақытта өзектілігін жоғалтуы мүмкін», деп дәстүр мен заман талабының ұштасуының маңыздылығын атап өтті. Спикерлер бала тәрбиесі қай қоғамда да, қай жаста да маңызды деген ортақ пайымға тоқталды.

Медиа шарада алғаш рет ұйымдастырылған инновация алаңында отандық өнертапқыштардың ерекше жобалары да таныстырылды. Атап айтқанда, ДЦП диагнозы бар адамдарға өте қолайлы жасалған жаңа арба көременге ұсынылды. Бір қызығы, осы құралды жүзеге асырған автор Мәулен Бектұрғановқа робот-жүргізуші сұрақтарын қойып, қоғам үшін пайдалы екенін атап өтті. Сұхбат соңында робот биімен көпшілікті таңқалдырды.

Референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті

Онлайн марафон аясында Орталық референдум комиссиясы жанындағы пресс-орталықтың референдум барысы туралы ресми ақпарат та ұсынылып жатыр. Атап айтқанда, дауыс беру учаскелерінің ашылуы, дауыс берудің басталуы, шетелдегі учаскелердің жұмысы және азаматтардың келу белсенділігі туралы мәліметтер жарияланды.

Байқаушылар: Дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес өтіп жатыр

«Референдум – 2026» онлайн іс-шарасы аясында көрермендерге осы уақытқа дейін белгілі өнерпаздар мен өнер ұжымдары, атап айтқанда Ұлттық ұланының ерлер хоры, электро домбырамен өнер көрсететін шебер – Ақтоты Болышева, Рухия Байдүкенова мен «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі, «Алтын домбыра» тобы өнер көрсетті.

Айта кетейік, қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылап, сарапшылар мен мамандардың пікірін ортаға салуға және елдегі инновациялық бастамаларды кеңінен таныстыруға мүмкіндік беретін онлайын марафон сағат 09:00-01:00 аралығанда 16 сағатқа жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар