Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараздағы №35 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңір басшысы бұл күн ел тарихы үшін ең маңызды оқиға екенін атап өтіп, әрбір азаматты дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды. Жалпы Жамбыл облысында 513 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аймақта науқанға қатысуға құқылы тұрғын саны – 722 мыңға жуықтайды.
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: Қатысушылар қандай тақырыптарды талқылады?
«Бүгін барша қазақстандықтар үшін – аса маңызға ие айтулы сәт. Біз халқымыздың, Ата заңымыздың жаңа жобасына референдумға келіп дауыс беріп отырмыз. Мен де өз таңдауымды жасадым. Осылайша, мемлекетіміздің, халқымыздың ары қарай дамуына, келешек ұрпақтың дамуына берік негіз қалап жатырмыз», деді Ербол Қарашөкеев.
Референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті