• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 08:07

Нағыз отаншылдық үлгісі

10 рет
көрсетілді

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшы­лығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азамат­тары ауызбірлік пен нағыз отан­шылдықтың үлгісін көр­сетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді.

Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық. Президентіміз  атап өткендей, отандастарымыз жаңару мен жаңғыруға да­уыс беріп, мем­лекеттілігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты.

Әділетті әрі өркендеген елі­міз­дің жаңа тарихы ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлық­тап, тек демократиялық құн­ды­лықтар негізінде қалып­тасады. Жүргізіліп жатқан өзгеріс­тердің сапа­сы мен даму қарқынын қам­та­масыз ете отырып, бәріміз бір­ге алға қойылған мақсат-мін­дет­тер­ге қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Баршаңызды бірлік, тәуел­сіздік, егемен­дік рәмізі саналатын жаңа Конституцияның халық тарапынан қолдау табуы­мен құттықтаймын!

 

Олжас Бектенов,

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі

Соңғы жаңалықтар