Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды. Есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен әкесі мен баласы қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
54 жастағы әкесі 26 жастағы ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.
Арнайы операция барысында анықталған мекенжайдан 200 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор, химиялық реактор мен түрлі жабдықтар тәркіленген.
Атырауда есірткі тұтынған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды
«Тәркіленген есірткі көлемі – 600 мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн доллардан асады. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді», деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Осылайша, полиция прекурсорды басқа өңірлерге жібермек болған Ақмола облысы тұрғындарының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды.
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды