Жаңа Конституция бойынша өткен референдум ел азаматтарының өзгеріске дайын екенін көрсетті. Ресми мәліметке сүйенсек, дауыс беруге халықтың 73,12 пайызы қатысып, оның 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдады. Бұл – жұрттың елдің болашағына бейжай қарамайтынын, даму бағытын бірге айқындауға ниетті екенін білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы Арман Ешмұратовтың айтуынша, дауыс беру күні елдің көптеген өңірінде мерекелік көңіл күй байқалды. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, концерттер өтті, түрлі акциялар өткізілді. Танымал тұлғалардың қатысуы да халықтың белсенділігін арттырды. Соның нәтижесінде референдум тек саяси науқан емес, елді біріктірген маңызды оқиғаға айналды.
Ел азаматтарының 87,1 пайызы жаңа Конституцияны қолдады
Алдын ала жүргізілген түсіндіру жұмыстары да өз нәтижесін берді. Көпшілік бұл жолғы дауыс беруді жай рәсім ретінде емес, елдің ертеңіне әсер ететін нақты мүмкіндік ретінде қабылдады.
Арман Ешмұратов дауыс беру процесі де тыныш әрі ретімен өткенін атап өтті. Учаскелерде елеулі заң бұзушылықтар тіркелмеді. Бұл халықтың нәтижеге деген сенімін күшейтті.
Грузия дипломаты: Қазақстанда өткен референдум халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді
Халықаралық байқаушылар да референдумның ашық әрі әділ өткенін атап өтті. Мұндай баға ел ішіндегі сенімді одан әрі арттыра түсті.
Жалпы, жаңа Конституция қоғамдағы сұранысқа жауап берген құжат ретінде қабылданды. Бір жағынан, азаматтардың құқықтары кеңейіп, олардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігі артса, екінші жағынан, мемлекеттегі тұрақтылық пен тәртіп сақталуға тиіс.
Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды
Сондықтан 2026 жылғы 15 наурыздағы референдум ел тарихында маңызды күндердің бірі ретінде қалмақ. Бұл – Қазақстанның жаңарып, алға қадам басқан сәті.