Тбилиси қаласында (Грузия) дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала өтінімдерін жариялады.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапында 12 спортшы бар.
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
81 келіге дейін: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов
90 келіге дейін: Барақ Арқабай
100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев
Айта кетейік, Тбилисидегі Grand Slam турнирі 20-22 наурыз аралығында өтеді.
Grand Slam: Ташкенттегі турнирде дзюдошыларымыз қалай өнер көрсетті?