Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысып, бес адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады өңірлік полиция.
Полиция жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу бастады, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.
Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты