• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 15:57

Астанада қажылық сапарды желеу еткен алаяқ ұсталды

10 рет
көрсетілді

Елордада туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қасиетті Мекке қаласына қажылық сапар ұйымдастырамын деп бірнеше адамды алдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті азаматтарға жолдама рәсімдеу, виза алу және әуе билеттерін сатып әперемін деген сылтаумен алдын ала ақша алған. Алайда уәде етілген қызметтер көрсетілмей, қаражатты өзі иемденген.

Алаяқтар айылын жияр емес

Қазіргі уақытта алаяқтықтың 13 дерегі анықталған. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2 миллион 200 мың теңгені құрайды. Тергеу барысында жәбірленушілер санының артуы мүмкін екені де жоққа шығарылмайды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және жалған ақпарат: Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Полиция азаматтарды туристік және қажылық қызметтерді рәсімдеу кезінде сақ болуға шақырады. Қызмет көрсетуші компанияның лицензиясын, келісімшарт талаптарын және төлем құжаттарын мұқият тексеру, сондай-ақ тек ресми тіркелген туроператорларға жүгіну қажет екенін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар