• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 17:50

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

10 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 20-22 наурыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады. Алайда синоптиктер түнде және таңертең қою тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болатынын ескертеді. Ауа температурасы түнде -10...-3°С суық болса, күндіз сынап бағанасы +2...+5°С жылылықты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 2-8 метрге жетеді.

Алматы қаласында алдағы үш күнде жауын-шашын күтілмейді. Мамандардың болжамынша, күн райы біртіндеп жылынады. Түнде ауа температурасы +1...+7°С жылы болса, күндіз күн шуағы +14...+19°С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні қалыпты – 3-8 м/с.

19 наурызда ел аумағында күн ашық болады

Шымкентте 20 наурыз күні өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Десе де, 21 наурыздан бастап жауын саябырлап, күн жылынады. Күндіз ауа температурасы +16-дан +23°С-қа дейін көтеріліп, түнде +5...+9°С жылылықты сақтайды.

Соңғы жаңалықтар