• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 10:43

Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші кезеңінде Украина өкілін жеңді

10 рет
көрсетілді

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан беделді Miami Open (WTA 1000) турнирінің үшінші кезеңінен сәтті өтті. Әлемнің 2-ракеткасы украиналық Марта Костюкті қапы қалдырып, жарыстың келесі сатысына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу 6:3, 6:4 есебімен жерлесіміздің сенімді жеңісімен аяқталды. Елена Рыбакина матч барысында өз соққыларына нық болып, маңызды сәттерде басымдық таныта білген. Бұл оған кездесуді екі партияда аяқтауға мүмкіндік берді.

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Айта кетейік, Марта Костюк қазіргі уақытта WTA рейтингінде 27-орында тұр.

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Енді турнирдің ширек финалына жолдама алу үшін Елена Рыбакина аустралиялық теннисші Талия Гибсонмен (WTA рейтингінде 68-орын) күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар