25 наурызда еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында орташа бағамдар келесідей:
доллар: сатып алу – 479,94 теңге, сату – 486,83 теңге; еуро: сатып алу – 552,06 теңге, сату – 561,93 теңге; рубль 5,91-6,31 теңге аралығында саудаланады.Алматыда:
доллар: сатып алу – 482,96 теңге, сату – 485,79 теңге; еуро: сатып алу – 555,08 теңге, сату – 560,55 теңге; рубль 5,87-6,09 теңге аралығында саудаланады.Шымкентте:
доллар: сатып алу – 482,90 теңге, сату – 484,98 теңге; еуро: сатып алу – 554,96 теңге, сату – 560,88 теңге; рубль 5,91-6,02 теңге аралығында саудаланды.Ұлттық банктің ресми бағамына сәйкес, 1 доллар – 482,33 теңге, 1 еуро – 557,57 теңге, 1 рубль – 5,74 теңге болып белгіленді.
Айта кетейік, 20 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша доллардың сараланған орташа бағамы 482,33 теңгеге жетіп, 0,38 теңгеге өскен.