Жамбыл облысында білім беру саласын білікті кадрлармен толықтыруға бағытталған жаңа бастама нәтижесін беріп отыр. Жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді конкурссыз жұмысқа қабылдау тәжірибесі арқылы жас мамандар мектептерге тікелей орналастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жоба шеңберінде GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары түлектер конкурстық іріктеусіз білім беру ұйымдарына қабылданып жатыр. Бұл бастама білім саласына ынталы әрі қабілетті жастарды тартуға бағытталған.
Президент әлемдегі ең үздік педагогтердің қатарына енген алматылық мұғалімді құттықтады
Қазіргі таңда өңірде 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданып, еңбек жолын бастаған. Жаңа мамандар мектеп ұжымына тез бейімделіп, оқу-тәрбие үдерісіне белсенді араласып жатыр. Олардың қатарында жаңашылдыққа бейім, жауапкершілігі жоғары ұстаздар бар.
Мамандардың айтуынша, бұл жоба жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың еңбек нарығына жылдам әрі тиімді бейімделуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бастама өңірдегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге де ықпал етіп отыр.
«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу жалғасып жатыр