• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 19:48

Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды

10 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп пен энергетика, көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында қазақ-ресей қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді. Соңғы жылдары өзара сауда көлемі 30 млрд-тық межеге едәуір жақындады», деді Олжас Бектенов.

Ресей Қазақстан экономикасына салынып жатқан инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы елдер қатарында. Өткен жылдың 9 айында көршімізден $2,1 млрд инвестиция тартылды. Ал соңғы 20 жыл ішінде ресейлік тікелей инвестициялар көлемі $28,5 млрд-қа жеткен. Қазақстан РФ экономикасына $9 млрд инвестиция салды.

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?

«Сізді және қазақстандықтарды тарихи оқиғамен, жаңа Конституцияның қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын. Референдум нәтижесі Қазақстан халқының ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың заманауи әрі өркендеген мемлекет құру, республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру бағытын қолдайтынын нақтылай түсті», деді Михаил Мишустин.

Роман Скляр Қытай парламенті төрағасымен кездесті

Соңғы жаңалықтар